Қытай Халық Республикасының Фошан қаласының атынан келген бизнес делегациясымен кездесу
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының көмегімен Қытай Халық Республикасының Фошан қаласының атынан келген бизнес делегациясымен кездесу өтті.
Делегация құрамында инвестиция тарту және Фошан аймағын дамытуға маманданған Қытай мемлекеттік корпорацияларының өкілдері, сондай-ақ денсаулық сақтау, құрылыс, инновациялық технологиялар, машина жасау және қызмет көрсету салаларын ұсынатын ірі өнеркәсіптік және сауда компанияларының басшылары болды.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
– Қытай мен Қазақстан арасындағы инновациялық және индустриялық даму саласындағы ынтымақтастық саясатын талқылау;
– Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері;
– кәсіпорындардың, индустриалды парктердің, ресми құрылымдардың өзара әрекеттесу арналарын орнату;
– аймақтағы жобаларды жүзеге асырудағы қытайлық компаниялардың тәжірибесімен алмасу;
– кәсіпкерлерге жергілікті нарыққа тиімді шығуға көмектесу.
Басылымға сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DP3qPvPjRAA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
