«Алатау» Технопаркі» ЖШС Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен АЭА инфрақұрылымын жақсартып жатыр
«Алатау» Технопаркі» ЖШС Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағын абаттандыру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуде. Бұл бастамалар резиденттер үшін жайлылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған.


