«Алатау» технопаркі» ЖШС басшылығы Шэньчжэнь өнеркәсіптік аймағын дамыту және ілгерілету қауымдастығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
«Алатау» технопаркі» ЖШС басшылығы Шэньчжэнь өнеркәсіптік аймағын дамыту және ілгерілету қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында бизнес жүргізудің артықшылықтарын талқылады.

