«Алатау» технопаркі» ЖШС мен Beijing Fuxing Yihua Technology компаниясы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Алатау» технопаркі» ЖШС басшылығының тау-кен өнеркәсібі саласындағы консалтинг, жылжымайтын мүлік девелопменті, пайдалы қазбаларды өндіру, сондай-ақ зертханалық сынақтар мен талдаулар жүргізу бағытында қызмет атқаратын Beijing Fuxing Yihua Technology қытай компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында бизнес жүргізудің артықшылықтарын талқылады.

Жарияланымға сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DSkICq0DGyW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==