«Алатау» Технопаркінің басшылығы Қытайдың «Changgeng International Trade Co., Ltd.» Консорциумымен және «ADS Industries» ЖШС-мен кездесу өткізді

«Алатау» Технопаркінің басшылығы Қытайдың «Changgeng International Trade Co., Ltd.» Консорциумымен және «ADS Industries» ЖШС-мен кездесу өткізді.Кездесу қорытындысы бойынша Консорциум СЭЗ «ПИТ» аумағындағы «Кәсіпқор» әлемдік деңгейдегі колледжінің аяқталмаған жобасы базасында жоғары технологиялық индустриялық парк құруға инвестиция салуға дайын екенін білдірді.Жоба ғылыми-зерттеу орталықтарын, өндірістік алаңдарды, демонстрациялық аймақтарды, кеңсе үй-жайларын және халықаралық үздік тәжірибелерге негізделген «ақылды» кеңістіктерді құруды көздейді — Google Headquarters Vision Campus-тен бастап Shanghai Huaxin Tiandi-ге дейін.Біз Консорциумның бастамасын құптаймыз және бұл жоба жоғары технологияларды дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай үлес қосатын маңызды платформа болады деп күтеміз.