Алматы- біздің ортақ үйіміз

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді қаламыздың дамуына үлес қосу үшін «Алматы- біздің ортақ үйіміз» атты абаттандыру және тазалау кампаниясына қатысуға шақырамыз!

Атаулы кампания аясында біз бүгін «Инновациялық технология паркі» арнайы экономикалық аймағында сенбілік өткізіе отыра парк резиденттерімен бірге алма көшетін отырғызу науқанын өткіздік.

Осындай іс-шаралар қала тұрғындарының «Алматы-біздің ортақ үйіміз» кампаниясына қосылуына жақсы үлгі болмақ!