«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында қытайлық «Бір белдеу – Бір жол» компаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында «Алатау» технопаркі ЖШС басшылығы Қытайдың «Бір белдеу – Бір жол» компаниясының өкілдерімен, экономика саласының түрлі бағыттарында қызмет атқаратын мемлекеттік корпорация China National Electrical Appliances Group, Қытайдың мемлекеттік индустриялық паркі және дайын үйлер өндіретін зауыт өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында бизнес жүргізудің артықшылықтарын, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен өндірістік қуаттарды дамыту секілді ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарын талқылады.

