Қызметтің басым түрлері
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2025 жылғы 24 маусымдағы № 225 бұйрығымен
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар контекстіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі
1. деректер базаларын және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру; бағдарламалық қамтамасыз етуді (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;
2. серверлік инфокоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу қызметтері (деректерді өңдеу орталықтарының қызметтері);
3. жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу;
4. ақпараттық технологиялар, телекоммуникация және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурстарды үнемдеу және табиғатты тиімді пайдалану, жаңа материалдарды жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және өңдеу салаларында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу (ғылым саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды болған жағдайда);
5. мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту техникасын, адрестеу машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды, өзге де кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды өндіру;
6. электр және радиоэлементтерді, таратқыш аппаратураны, дыбыс пен бейнені қабылдау, жазу және қайта жаңғыртуға арналған жабдықтарды өндіру;
7. электрондық, өлшеу, оптикалық және жарықтандыру аспаптарын жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;
8. Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын мамандықтар тізбесіне сәйкес инновациялық технологиялар саласындағы білім беру қызметі;
9. жаңа материалдарды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;
10. тұрмыстық электр аспаптарын өндіру: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар;
11. басым қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалық-сметалық құжаттама шеңберінде салу және пайдалануға беру;
12. біріккен университеттік аурухананы (клиниканы) салу және пайдалану;
13. университеттік аурухана (клиника) шеңберінде жүзеге асырылатын медициналық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі.
(12 және 13-тармақтар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 923 бұйрығымен енгізілді.)
14. жүктерді қоймалау және сақтау;
15. жүктерді көліктік өңдеу.
(14 және 15-тармақтар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығымен енгізілді.)
16. өзге де көлікке қосалқы қызмет түрлері;
17. киімнен басқа тоқыма емес материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру;
18. басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдерді өндіру;
19. негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
20. фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдарды өндіру;
21. резеңкеден жасалған санитарлық-гигиеналық және медициналық бұйымдарды өндіру;
22. электр өлшеу аспаптарын өндіру;
23. физикалық зерттеулерге арналған аспаптарды өндіру;
24. медициналық-хирургиялық аспаптарды өндіру;
25. сәулелендіру, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтарды өндіру;
26. медициналық құрал-саймандарды, аппараттар мен жабдықтарды өндіру;
27. өзге де маталарды өндіру;
28. арнайы жұмыс киімдерін өндіру.
(16–28-тармақтар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен енгізілді.)
29. күн электр станциялары арқылы электр энергиясын өндіру;
30. лифтілерді өндіру;
31. басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары;
32. басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет;
33. техникалық сынақтар мен талдаулар жүргізетін өзге де ұйымдардың қызметі.
Ескерту:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақ қатысушылары үшін төменде көрсетілген қызмет түрлері бойынша 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру міндетті шарт болып табылмайды:
1. деректер базаларын, аппараттық құралдарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;
2. серверлік инфокоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу қызметтері (деректерді өңдеу орталықтарының қызметтері);
3. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды құру және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу.
