Қызметтің басым түрлері

Бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен
2018 жылғы 27 ақпандағы No 142

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар контекстіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі

1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;

4) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген, осындай жұмыстарды жүргізу туралы қорытынды болған кезде ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғат пайдалану саласында, жаңа материалдар жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

5) мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасау, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасау;

6) электр-және радио элементтерді, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасау;

7) электрондық, өлшейтін, оптикалық, жарық беруші аспаптарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мамандықтар тізбесі бойынша инновациялық технологиялар саласындағы білім беру қызметі;

9) жаңа материалдарды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

10) тұрмыстық электр аспаптарын: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар жасау;

11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

12) біріккен университет ауруханасын салу және пайдалану (клиника);

13) университеттік аурухана (клиника) шеңберінде көрсетілетін медициналық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі;

14) Жүктерді қоймаға қою және сақтау;

15) Жүктерді көліктік өңдеу;

16) өзге де көліктік қосалқы қызмет;

17) киімнен басқа, мата емес тоқыма бұйымдарын шығару;

18) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге химиялық өнімдер өндірісі;

19) негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі;

20) фармацевтикалық препараттар мен медицициналық материалдар өндірісі;

21) резеңке санитарлық-гигиеналық және медициналық бұйымдар өндірісі;

22) электр өлшеуіш құралдарының өндірісі;

23) физикалық зерттеулер үшін құралдар өндірісі;

24) медициналық-хирургиялық аспаптар өндірісі;

25) сәулелендіретін, электромедициналық және электротерапиялық жабдық өндірісі;

26) медициналық құралдар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі;

27) өзге маталар өндірісі;

28) арнайы киім өндірісі;

( Осы тізбеге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің No 498 бұйрығымен 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28-тармақтар енгізілген. 29 қыркүйек, 2020 ж .)

Ескерту:

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы талап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай қызмет түрлері бойынша міндетті шарт болып  табылмайды:

1) деректер базасы мен аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру, бағдарламалық қамтамасыз етуді ( прототиптерді қоса алғанда ) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру ;

2) серверлік инфокоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі қызметтер ( дата орталықтарының қызметтері );

3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды құру және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.