«Технопарк Алатау» мен Kaspi компаниясы қосымша электр қуатын бөлу мәселесін талқылады

«Технопарк Алатау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығы мен ИТП АЭА аумағында деректер орталығын салған Kaspi компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар жобаның келесі кезеңдерін іске асыру үшін қосымша электр қуатын бөлу мүмкіндігін талқылады.