«SMART AGRO» ЖШС-нің инвесторларымен кездесу

Орталық Азиядағы бірінші «Ветеринариялық және медициналық зертханаларды роботтандырудың мультимодальды кешенін» – зертханалық процестерді автоматтандырудың «алтын стандартын» ұсынатын «SMART AGRO» ЖШС-нің инвесторларымен кездесу.
Бұл инновациялық кешен (1–2 патогендік топтардың патогендерімен жұмысты қоспағанда), қызметтің әртүрлі салаларында ПТР зерттеулерін жоғары тиімді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Кешен негізінде құрылған зертхана «SMART AGRO» ЖШС-не ЕАЭО елдерінің мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жобаларына қатысуға, жұмыс істеу мониторингін қамтамасыз ету, зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау және сынақтардың сенімді нәтижелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Инвестиция көлемі шамамен 8 миллиард теңгені құрайды.

 

Басылымға сілтіме: https://www.instagram.com/reel/DOgK6a8jG81/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==