Оңтүстіккореялық «Ofe Co., Ltd» компаниясының инвесторларымен кездесу өтті

Бүгінгі таңда Оңтүстіккореялық «Ofe Co., Ltd» компаниясының инвесторларымен кездесу өтті. «Ofe Co., Ltd» Оңтүстіккореялық ірі компания болып табылатын лифттер, сондай-ақ ауылшаруашылық машиналары мен автоматтарын шығаруға маманданған.
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім аясында Корея Республикасының Үкіметі, Алматы қаласы «ИТП» АЭА аумағында лифт саласының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық паркін құруға жалпы сомасы 7,5 млн АҚШ доллары сомасында грант бөледі.