Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы Бейжің қаласына жұмыс сапары
СЭЗ «Инновациялық технологиялар паркі» аумағына инвестиция тарту жұмыстары аясында «Алатау» технопаркі» ЖШС өкілдері AIFC Green Finance Centre Ltd (АХҚО-ның еншілес компаниясы) өкілдерімен бірлесіп Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Қытай Халық Республикасының жетекші технологиялық және инновациялық ұйымдарымен кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, Caltta Technologies, National Information Innovation Park, UnionTech Software Technology, International Green Economy Association, Jingan Yunxi, Zhongguancun Science Park, сондай-ақ Beijing Daxing Economic Development Zone Platform Company өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.
Кездесулер қорытындысы бойынша әлеуетті серіктестермен бастапқы байланыстар орнатылды. Компаниялар СЭЗ «ИТП»-мен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, ақпарат алмасу және өзара іс-қимылдың мүмкін форматтарын пысықтау жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

